Оқу топтарында құқықтар, міндеттер және жеке жауапкершілік тақырыбына арналған сынып сағаттары өткізілді.

Студенттер негізгі құқықтық нормалармен танысып, өмірде кездесетін жағдайларды талқылады және практикалық мысалдарды қарастырды.

Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, өз іс-әрекетіне саналы көзқарас қалыптастыру және жауапкершіліктің ересек адамның негізгі қағидаты екенін еске салу.
