Құқықтық сағат (ВИДЕО)

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша құқықтық сағат өтті.

Аталған шарада Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Мейірхан Егімбай студенттерге алаяқтық пен киберқылмыстың ең жиі кездесетін түрлері және олардан сақтану жолдары туралы әңгімелеп берді. Ол интернет желісіндегі сақтықтың маңыздылығына тоқталып, қаскөйлердің арбауына түспеу жолдарын түсіндіріп, күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда не істеу керектігін нақтылап өтті.

Мейірхан Сейтжанұлы тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып, алаяқтардың құрбаны көбіне сенгіш азаматтар болатынын ерекше атап өтті. Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде шараның мазмұнды және пайдалы өтуіне септігін тигізді.

Құқықтық сағат жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Іс-шара Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы және «Кенжекөл Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji