Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі делегациясының Қытайдағы тағылымдамасы аяқталды.
Шаньси провинциясында өткен мазмұнды бір аптадан кейін өндірістік оқыту шеберлері Леонид Граф пен Расул Елеусізов, сондай-ақ студент-чемпиондарымыз Максим Сорозидинов пен Валерий Кондрушин елге оралуда.
Осы күндер ішінде олар жетекші университеттер мен заманауи кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, болашақтың технологияларымен танысты, шахталарда, BYD, FAST және CHINT зауыттарында болды. Сонымен қатар Терракота армиясын, Цин әулетінің театрын және Сиань қаласының Мұсылман кварталын тамашалады.
Тағылымдама аяқталды, алайда алда — жаңа жобалар. Біз студенттеріміз бен шеберлерімізді мақтан тұтамыз және колледжді халықаралық деңгейде лайықты таныстырғанына қуаныштымыз.
