Заң бойынша өмір сүріңіз

Колледжде 1-2 курс топтарында «Заң бойынша өмір сүріңіз» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кездесуде заңды сақтау, адамды құрметтеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды.

Жауапкершіліктің мәні – өз әрекетіне жауап беру, оның салдарын қабылдау екені атап өтілді. Сондай-ақ құқық пен міндеттің ажырамас ұғым екені, әркім өз құқығын пайдалана отырып, өзгелердің құқығын да сыйлауы керектігі айтылды.

Іс-шара мазмұнды өтіп, заң мен тәртіптің әр адамнан басталатыны туралы ой түйінделді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji