«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында колледжде кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар заңнаманы сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.


Кураторлық сағаттарда жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынудың маңызын терең түсінуге ерекше назар аударылды.


Кездесу барысында білім алушылар пікірталастарға белсене қатысып, өмірден алынған мысалдар келтіріп, өзекті құқықтық мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.
