Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тағылымды дәріс өтті.
Дәрісті Ақсу қаласының прокуратурасының прокуроры Айбек Абдуалиев жүргізді. Кездесу барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер қозғалып, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, вандализм, есірткі заттарының заңсыз айналымы, ұрлық, бұзақылық және буллинг (қорлау, қудалау) сынды әрекеттердің құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді.
Дәріс барысында прокурор ең алдымен қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің қай жастан бастап қолданылатынын, сондай-ақ заң бұзудың қандай салдарға әкеп соғатынын нақты мысалдармен баяндады.
Іс-шара аясында қолданыстағы заңнамалар мен түрлі құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары кеңінен қамтылған презентация ұсынылды.
