«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сағат (ВИДЕО)

30 қаңтар күні колледжде ОПК-125 және Ст-125 топтарының студенттері үшін «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сағат өтті. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Кездесу барысында ЮПТ полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Асель Турсунгалиева, жастар арасында кең таралған дропперлік пен алаяқтықтың түрлері туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Полиция қызметкері жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың негізгі тәсілдеріне жан-жақты тоқталып, заңға қайшы қаржылық операцияларға қатысудың құқықтық салдарын түсіндірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылық жасағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салды.

Іс-шара барысында студенттердің заңға деген саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және жасөспірімдер ортасында құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji