Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде жұмыс беруші күні өтті! «Әмбебап сарбаздар» диалог алаңының тақырыбы үш әлеуметтік серіктес: «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «ERG Service» ЖШС және Ақсу ферроқорытпа зауыты өкілдерін біріктірді.
Колледж қонақтары өз тәжірибелерімен бөлісті, кәсіпорындарының артықшылықтары мен жұмыс жағдайлары туралы айтты.
Студенттер бос орындар мен мансаптық даму жолдары туралы білді, маңызды сұрақтарға жауап алды және командалық жарыстарға қатысты.
Барлық студенттік командалар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Әріптестерімізге маңызды білім мен болашақ мамандарға шабыт бергені үшін алғыс айтамыз!
Жаңа кездесулерді күтеміз!