Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің басшысы Алма Айтуарова мен өндірістік оқыту шебері Әсемгүл Хухмет павлодарлық оқытушылар делегациясының құрамында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты айтулы фестивальде болды.
Естеріңізге сала кетейік, фестиваль Астанада, EXPO көрме аланыңда, ақпанның 11-і мен 15-і аралығында өтуде.
Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен болашақ мамандар, мектеп оқушылары, жұмыс берушілер, кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері келді.
Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы алғашқы ауқымды шара.
Мұнда 200-ден астам мамандықпен танысуға және экономиканың әртүрлі салаларының ерекшеліктерін білуге болатын 40 интерактивті көрме аймағы бар.