Жұмысшы мамандықтар жылы — еңбектің нағыз қаһармандарын ұлықтайтын уақыт!

Жұмысшы мамандықтар жылы — еңбектің нағыз қаһармандарын ұлықтайтын уақыт!

Бүгін Павлодар облыстық білім, ғылым және жоғары оқу орындары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырған салтанатты іс-шарада жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдері марапатталды.

Олардың бірі — біздің мақтанышымыз, Тапелова Жаногүл Қасқырбайқызы!
Ол 2016 жылдан бері Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етіп келеді.
Жаногүл Қасқырбайқызының еңбек өтілі — 37 жыл адал және табанды еңбекке толы.

Жоғары кәсібилігі мен қызметіне деген адалдығы үшін ол кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды.

Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздің күнделікті еңбегіңіздің арқасында колледжіміз жайлы әрі көрікті білім ордасына айналып отыр!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji