Бүгінде көп нәрсе еріктілерге байланысты, олар ізгіліктің қозғаушы күші ретінде қарттар мен жалғызбасты азаматтардың жүрегінде өз іздерін қалдырады.
Осы аптаның дүйсенбі күні Жаяу Мұса атындағы АЖКК мен ЖБДО еріктілері бірлесіп жұмыс істеді. Өйткені, олар ортақ маңызды іс жасайтын серіктестер.
Балалар ата-әжелерге атаулы көмек көрсетті. Біреуіне дүкеннен азық-түлік әкелді, екіншісіне – жалпы жинау жұмыстарын жүргізді, үшіншісіне – ыдыс жуды …
«Мен еріктілерге әрқашан қуаныштымын. Олар үй шаруашылығына көмектеседі, дүкенге барады және жай сөйлеседі», – дейді зейнеткер Вера Филипповна Бондаренко.