«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараты

       «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады, ол көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша да, оларсыз да жеке тәртіппен ұсынылады. Оның мақсаты – олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер ұсыну.

       «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес білім беру саласында 2023 жылы 7 мемлекеттік қызмет, 2024 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетті.

        2023 жылы барлығы 585 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2024 жылы 484 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарына құжаттарды қабылдау 181 қызмет (2023 ж.) және 209 қызмет (2024 ж.);

  • 2023 және 2024 жылдары техникалық және кәсіптік білім туралы

құжаттардың телнұсқасын беру 49 қызметтен;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға

жатақхана беру – 135 қызмет (2023 ж.) және 41 қызмет (2024 ж.);

  • Білім алушыларды ауыстыру және қайтадан қабылдау – 10 қызмет

(2023 ж.) және 15 қызмет (2024 ж.);

  • Техникалық-кәсіптік білім беруді аяқтамаған тұлғаларға анықтама

беру 34 қызмет (2023 ж.) және 15 қызмет (2024 ж.);

  • Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс

беру –  9 қызмет (2023 ж.) және 4 қызмет (2024 ж.);

  • Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы

(қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну – 167 қызмет (2023 ж.) және 140 қызмет (2024 ж.);

  • Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін

аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау – 11 қызмет (2024 ж.), өткен жылы бұл қызмет болған жоқ.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы барлық қажетті ақпарат колледждің (https://cjm.kz) ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ ақпараттық стенділерде орналастырылған. Колледжде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

         2023-2024 жылдар ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.

         Қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы электрондық форматта да, кеңсе арқылы қағаз нысанында да көрсетіледі.

         Хабардарлықты арттыру үшін студенттер мен қызметкерлер үшін түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

          Қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылылығын бақылау колледж басшылығының ұдайы бақылауында. Қызмет көрсету тәртібіндегі бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

          Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары колледж атына мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.

           Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылылығын одан әрі арттыру мәселелері колледж басшысының тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

           2025 жылы колледж көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Колледж басшысы                               А.Е. Айтуарова

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji