Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің, Мәдениет бөлімінде 9 наурыздан 19 наурыз аралығында пәндік апталық өткізілді.

Апталықта ашық сабақтар, іс шаралар, байқаулар жүргізілді. Сабақтар дәстүрлі түрде, зум патформасында сонымен бірге ютуб каналдарында болды. Барлық оқытушылар өздерінің сабақтарын тиімді әрі түсінікті өткізілуін жоспарлады. Жас мамандар: Раисова А.А., Сапиолла М.К., Айбатыров К.Т өздерінің пәндері бойынша сабақтарын және іс шараларын көрсетті. Сабақтары жақсы өтті, болған кемшіліктеріне  ұсыныстар айтылды. Зейнеткер ұстаз Жакипова Б.М өзінің авторлық кешін зум платформасы арқылы ұсынды. Музыкалық пәндер сабақтары жоғары деңгейде өткізіліді, сабақтарға  қатысқан оқушылар өздерінің білімдерін жақсы жақтарынан көрсете білді, оқытушы мен оқушы арасында кері байланыс болды. Оқытушылар тақырыпқа байланысты бейне, аудио жазбаларын қолданды. Дәстүр бойынша әр жыл сайын өткізілетін ең көлемді өткізілген іс шара «Ең үздік маман – 2021» болды. Байқауға К -41 тобының оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің 4 жыл бойы оқыған, алған білімдерін шыңдап: ән айту, аспапта ойнау шеберліктерін көрсетті. Ең үздік әрі жеңімпаз атанған Аблай Жанболат болды. Апталық жоғары деңгейде өткізілді деп айтып кетуге болады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji