«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
№ | Мемлекеттік қызметтің атауы |
1 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау |
2 | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру |
3 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау |
4 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру |
5 | Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру |
6 | Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну |
7 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру |
8 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау |
Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандартына сәйкес орындалады.
Колледжде электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін 2 бұрыш орнатылған, оған колледж оқушылары мен қызметкерлеріне еркін қол жеткізу ұсынылды.
Колледж студенттері мен қызметкерлеріне ақпараттық желілермен және электрондық мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға арналған «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдылары бойынша оқыту жүргізілді.