Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Қош келдің! Төрлет, Наурыз!» шарасы өтті.
Ежелгі халық мерекесі Наурыз әлемге жарық сыйлап, айналаны жаңартатын сияқты. Колледжде де бұл күн жаррқын түстерге боялғандай. Домбыра үні күмбірлеп, ән мен биден шашу шашылды. Ал аудиторияларда баталар айтылды. Студенттер, олардың ата-аналары, ұстаздар, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін атап өтіп, «Сырға салу», «Тұсау кесер», «Құда түсу», «Бесікке салу», «Қырықтан шығу», «Беташар», «Ат қою», «Бата беру», «Тәтті шәй» салт-дәстүрлерін көрсетті».
Колледждің әр қабатында түрлі- мерекелік қойылымдар ашылды. Студенттер ұлттық әндер шырқады, бір-біріне ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынды.
«Қазақ халқының мәдениеті мен үздік дәстүрлері паш етілетін Наурыз мейрамы көпұлтты еліміздің әр халқы үшін қымбат. Бүгін біз салт-дәстүрлер, әндер мен күй, домбыра мен бата арқылы қазақ халқының ежелгі бастауларына оралдық. Жарқын мереке үшін рахмет!»- дейді Тэу-122 тобының студенті Ислам Комунардың анасы Түсіпбаева Әсемгүл Нығметқызы.