Колледжде жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен педагогикалық шеберлігін дамытуға бағытталған Жас педагог мектебінің кезекті отырысы өтті.
Басшының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары М.Б.Кенжеғалиева қатысушыларды Павлодар облысының ТжКБ ұйымдарының студенттері мен педагогтарына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Олардың қайсысын колледж базасында тиімді жүзеге асыруға болатынын өз мүмкіндіктеріміз бен міндеттерімізді ескере отырып талқыладық.

Кездесу барысында сабақты ұйымдастырудың заманауи түрлері мен әдістері қарастырылды. Жас педагогтар үшін сабақты жоспарлау және сабақтың құрылымын құру мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізілді.
Кездесу нәтижесінде нақты жұмыс нұсқаулары және мамандықтағы алғашқы қадамдардан бастап оқу үдерісін қалай сенімді түрде құру керектігі туралы түсінік берілді.
