Жас педагогтар мектебінің онкүндігі (ВИДЕО)

Болашақ қазірден басталды — біз оған хат жолдадық!
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагогтар мектебінің онкүндігі басталды.
Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі — «Уақыт капсуласы» акциясы болды.
Жас педагогтар өздеріне хат жазды. Мұнда өздерінің армандарын, кәсіби мақсаттарын, үміттерін жазды. Мұғалімдік жолды таудаудың себебін де көрсетті деп ойлаймыз.

5 жылдан кейін бұл хаттарды оқитын боламыз.
Бірі өз қорқынышын есіне алса, бірі алғашқы жетістіктерін, ал кейбірі ұлағатты педагог мәртебесіне жеткенін байқар.

Онкүндік мектепке дейінгі тәрбие, спорт, тарих, география, құрылыс, ағылшын тілі, аспаздық сияқты тақырыптық фотозоналар арқылы ашылып, түрлі тақырыпты “ Ғаламат әлемді» тану ойындарымен жалғасты.

Біздің колледжде жас педагогтарды қолдау және дамыту үшін қызықты тренингтер, шеберлік сыныптары мен ашық сабақтар өтеді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji