2026 жылдың 6 қаңтарында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған 2-семинар-практикумды педагог-психолог Жунусова Ляйлем Булатовна жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жәбірлеу (буллинг) жағдайларына жедел әрекет ету тәсілдерін жаттықтыру, олардың білім алушыларға қатысты әртүрлі жағымсыз көріністерге төзбеушілік қатынасын қалыптастыру. Семинар барысында қатысушылар буллингтің алдын алу мен анықтаудың заманауи тәсілдерімен танысып, нақты жағдаяттарды талқылады, сондай-ақ жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар алды.
Семинар жылы және нәтижелі атмосферада өтті. Қатысушылар оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.
