Жеңімпаздар мен жүлдегерлері құрметтейміз

Бүгін Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері  өздерін жұлдыз ретінде сезініп, қызыл кілеммен жүріп өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күні колледж абыройын халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде көтерген студенттер құрметке ие болды.

Арнайы пәндер бойынша «Табыс трамплині» студенттік халықаралық онлайн-олимпиадасының, «DREAMFEST» халықаралық конкурсының, «Өндірістегі және сервистегі жаңа технологиялар» халықаралық онлайн-конференциясының, WorldSkills Pavlodar-2023 өңірлік чемпионатының «ТОП-100 үздік студенттері» республикалық конкурсының, ERG-Skills салалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ, басқа да маңызды конкурс пен жарыс жеңімпаздары марапаттарға ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша барлығы 60-тан астам студент лайықты марапат иелері атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді колледж басшысы Алма Айтуарова құттықтады. Алма Ермекқызы оларға барлық бастамаларда табыс және жаңа жеңістер тіледі!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji