Азаматтық қорғаныс айлығы аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде студенттерді қауіпсіздік ережелеріне оқытуға бағытталған «Жеке қауіпсіздік» алдын-алу сабақтары өтті.
Ақсу қаласының ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының офицері, лейтенант Асхат Еренбекұлы Байзақов студенттерге түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігін айтып, балаларға шұғыл жағдайда қандай нөмірлерге қоңырау шалу керектігін еске салды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында тыныс алу және көру органдарына арналған жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану туралы егжей-тегжейлі көрсетілген бейнероликтер қарау ұйымдастырылды. Қауіпті және қауіпсіз жағдайлар туралы диалог қызу пікірталас тудырды.
Тәжірибелік сабақтарды қорытындылай келе, лейтенант Асхат Еренбекұлы Байзақов студенттерге қыс және көктем мезгілдеріндегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Іс-шаралар онлайн режимінде өтті.