ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде 1 курс студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» атты сынып сағаттары өтті.

Басты мақсат – өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасты дарыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйрету.

Іс-шара барысында студенттер тұрмыстық және іскерлік сыбайлас жемқорлықтың, жоғарғы биліктің сыбайлас жемқорлығының пайда болу себептерін талқылай отырып, осы келеңсіз құбылысты жою туралы өз болжамдарын білдірді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji