Колледжде «Жемқорлыққа қатаң жаза тиімді ме, әлде профилактика ма?» тақырыбында өткен дебат турнирі нағыз ой тартысына толы шара болды. «АЛАШ» клубының дебатёрлері өз ұстанымдарын батыл қорғап, нақты дәлелдер келтірді.
Турнирге «Саналы ұрпақ» клубының белсенділері де қатысып, жемқорлықпен күресте тек қатал жаза емес, адалдықты тәрбиелеу, ашықтықты арттыру және құқықтық сауаттылықты дамыту секілді профилактикалық шаралардың да маңызы зор екенін атап өтті.
Олардың пікірі талқылауға тереңдік беріп, мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік жасады. Турнир студенттердің азаматтық жауапкершілікке деген қызығушылығын арттырған мазмұнды алаңға айналды.
