Өзіне сенім

Өзіне деген сенімділік – бұл туа біткен қасиет емес, ол біздің өмірімізде қалыптасады, сондықтан біз өзімізге сену үшін күш салуымыз керек.

2022 жылдың 16 ақпанында мәдениет бөлімінің білім алушылары үшін «Табысты студент – ол қандай?» психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – студент жастардың бойында тұлғалық үрдістерді дамыту, уәждемелік ұстанымдарды ұғыну, сенімді мінез-құлық дағдыларына үйрету. «Мақтаншылар», «Маскасыз», «Бумба-Юмба тайпасы», «Менің бейнем», «Мүсін», «Ұжымның жүрегі» практикалық жаттығулары қатысушыларға сенімді мінез-құлық әдістерін дамытуға және өзіне деген сенімділік сезімдерін арттыруға көмектесті.

Арнайы пәндер оқытушысы  А.Л.Панихин

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji