Зверополистегі жаңа жылдық шытырман оқиғалар

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында колледжде жарқын да қызықты
«Зверополистегі жаңа жылдық шытырман оқиғалар» атты ертеңгілік өтті.

Бағдарлама желісі бойынша полиция қызметкері қоян Джуди мен айлакер түлкі Ник студенттермен бірге жұмбақ рептилияның ізіне түседі. Қызықты оқиғалар барысында іс сәтті ашылып, улы жылан Гари ұсталды. Ол Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өкілеттігін келер жылдың символы — Отты Жылқыға табыстады.

✨ Мереке балалар мен ересектерге ертегіге толы, қуаныш пен жаңа жылдық сиқыр атмосферасын сыйлады.

🤝 Колледждің кәсіподақ ұйымы мәдениет және спорт бөлімінің шығармашылық ұжымына кәсібилігі, креативті көзқарасы, жарқын образдары және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді.
Сыйлаған эмоциялар, күлкі мен мерекелік көңіл күй үшін рақмет!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji