Дуалды оқыту

2019-2020 оқу жылына «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК дуалды оқыту бойынша ақпарат

         Теория мен тәжірибені ұштастыратын дуалды оқыту білікті кадрларды кәсіби білім берудің негізі болып табылады. Бұл кәсіптік білім беру жүйесі бүгінде әлемде кадрларды даярлаудың ең кең тараған және тиімді түрі деп танылды.

       Бұл жүйе екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маманды дайындауды көздейді. Оқыту уақытының 1/3-і колледжде базалық білім алады,ал 2/3 – білім беру кәсіпорнында іс жүзінде маңызды білім алады.

            Болашақ жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқу орны оқу барысында өзінің әлеуетті кадрларына әлеуметтік серіктестер қоятын өндірістік талаптарды ескереді. Осылайша, білім берудің дуалды моделінің міндеті – бизнестің, болашақ мамандар мен мемлекеттің мүдделерін біріктіру, онда оқу орындарының түлектері жұмыс орындарымен, ал жұмыс берушілер – оларға қажетті кәсіби-техникалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.

         2019-2020 оқу жылында «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК жалпы алғанда 72 білім алушыға дуалды оқыту туралы 62 шарт жасасты. 2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда дуалды шарттар саны 80% – ға артты.

           Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылығымен колледж дуалды білім беру бағдарламасына енді.

        «Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін дуалды оқыту туралы шарттар» үш жақты үлгілік шарттар кестеде көрсетілген келесі кәсіпорындармен және ұйымдармен жасалған:

Кәсіпорын/ұйымМамандығы
1«ЕRG Service» АҚ1114000 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша», біліктілігі 111405 3 «техник»
2 «ЕЭК» АҚ0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)», біліктілігі 0901022 «электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі», 0901012 «электр монтері (барлық атаудағы)», 0901043 «техник-электрик»
3№18 бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Балапан» МКҚК0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», біліктілігі 0101013  «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
4Қ. Шүлембаев атындағы ОМ, № 2 БЖСМ, №2 ЖОББМ0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», біліктілігі 0103023 «дене тәрбиесі және спорт мұғалімі»
5Атлас ЖК1401000 «Ғимараттар мен құрылымтарды салу және пайдалану», біліктілігі1401213 «құрылысшы-техник»
6Шнайдер ЖК, Рубцов Г.В. ЖК0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», біліктілігі 0508012 «аспаз», 0508022 «кондитер»

         Дуалды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау бойынша келісім шарт «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-мен 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)» мамандығы 0901043 «техник-электрик» біліктілігі, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алушы ЭЭС-101 тобымен жасалды.

         2019 жылы маусым айында «Атамекен» ӨКП «Тәлімгерлік мектебінде» «Жұмыс орнында оқыту» тақырыбында 16 сағат көлемінде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ тәлімгерлері оқытылды – Классен В.А. (аға шебер), Дудник А.В. (электр сүзгілерінің аға шебері), колледжден – Есимбеков С.Б. (аға шебер), Сарыбаев С.Т. (шеберхана меңгерушісі). Білім беру үдерісіне дуалды оқытуды енгізу мәселелері, дуалды оқытудың мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji