Халықаралық аккредиттеу

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі Францияның беделді «Academie de Paris» академиясының марапатына ие болды.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» басталар алдында «ERG колледждерге арналған» жобасы аясында әлеуметтік серіктесіміз «Еуразиялық топ» ЖШС Еуропада халықаралық сертификаттаудан өту үшін оқу орнымызға қаржы бөлді.

2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін колледж 07130100 «Электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)» мамандығы бойынша халықаралық аккредитациядан сәтті өтті.

Нәтижесінде Франция Академиясы үш жыл ішіндегі (2022-2024) мәліметтерді талдады, соның ішінде: біздің оқу орнының тарихы, құрылымы мен міндеті, адам ресурстары, қаржы, әкімшілік және логистикалық менеджмент.

Колледжде жаңа студенттерді қабылдау, олардың оқуы, бітіруі және жұмысқа орналасуы да назардан тыс қалмады.
Бұдан басқа, кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база және ҚР МЖБС білім беру бағдарламаларының сәйкестігі, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастырудың өзі: сабақ кестесі, аттестаттау, диплом беру рәсімі және біліктілік беру туралы куәлік талданды.

Аккредиттелетін орган колледжде оқу семинарлары мен конференцияларының қалай өтетінін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты, әлеуметтік әріптестікті, талапкерлердің дайындық деңгейін және басқа да көптеген факторларды назарға алды.
Сондай-ақ, Франция Академиясы студенттерге қаржылық қолдауды бағалады: шәкіртақы, жол жүру өтемақысы, тегін ыстық тамақ, ақылы практика және т.б.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде колледж халықаралық үлгідегі сертификат беріле отырып, 3 жылға аккредитациядан өтті.

«Еуразиялық топ» ЖШС мен «ЕЭК» АҚ-на жобаларымызға қаржылық қолдау көрсеткені және колледждің материалдық-техникалық базасын модернизациялағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji