Хореографиялық ұжымның жетекшісі

Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 1-3 желтоқсаны аралығында Жоғары педагогикалық колледж базасында «Хореографиялық ұжымның жетекшісі» құзыреттілігінде WorldSkills стандарттары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Конкурсқа жалпы басшылықты «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Көкшетау қаласы» МКҚК жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жүзеге асырды.

Үш күн бойы Қазақстанның 11 колледжінің студенттері үздік болу үшін бақ сынасты.
Конкурс 2 модульден тұрды:

✅станокта жаттығу комбинациясын құрастыру (жаттығулар жинағы). Жаттығу композициясы хореографияның үш бағытына негізделді: классикалық, халықтық, қазақша.

✅еріктілердің көмегімен би қою.


Колледж студенттері еріктілер болды, әр колледж конкурсқа 4 ерікті дайындады.
Павлодар облысының атынан Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Карина Нұржанова, сарапшы Алена Юрьевна Малыгина қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша Нұржанова Карина 3-ші орынды иеленіп, Павлодар облысының бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтынын тағы бір  дәлелдеді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji