Психологияның таңғажайып әлемі

2025 жылдың 7 ақпанында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің Дош-322 тобымен «Психологияның таңғажайып әлемі» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл іс-шара Гуманитарлық бөлімнің пән айлығы шеңберінде өткізіліп отыр.

Педагогика және психология оқытушысы Кусманова С.Е. ұйымдастырған зияткерлік ойынның мақсаты – болашақ тәрбиешілердің кәсіби мотивациясын дамыту және кәсіби білімді игеру құралы ретінде жеке қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Ойынға 4 топ қатысты. Олар «Өзін таныстыру», «Блиц-турнир», «Нақыл сөздердің авторын тап», «Терминдерді игеру», «Психологиялық-педагогикалық тапсырмаларды шешу», «Психологиялық жаңалықтар» сайыс кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Ойын барысында қолданылған түрлі ақпараттық сервистер мен жасанды интеллектің мүмкіндіктері білім алушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

Scroll to Top