ҚР Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Алтын түсті күн және ортасындағы бүркіттің қалықтаған көлеңкесі, сол жағында алтын түстес ұлттық оюы бар көгілдір ту бүгінгі күні республикада әкімшілік ғимараттарды безендіреді,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

86723587 w200 h200 bezymyannyj 1

     Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
      Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғаңдар:
Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji