СМЖ

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» КМК
сапа саласындағы саясаты

Сапа саласындағы саясат бағытталған:

  • – білім беру қызметінің тұрақты өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдарды жаңғыртуды қоса алғанда, ұйым менеджментінің қазіргі заманғы әдістері негізінде Колледжді басқару жүйесін жетілдіру;
  • – білім сапасы басым құндылығы болып табылатын Колледждің ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
  • – қоғамның, ғылым мен техниканың дамуына, сондай-ақ білім беру қызметінің ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұраныстары мен күтулеріне сәйкес негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұнын үздіксіз өзгерту;
  • – оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін қоса алғанда, оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру, соның ішінде білім сапасын тәуелсіз бағалау үшін Колледж жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын кәсіптік-қоғамдық аккредитациялауды өткізу;
  • – заманауи білім беру технологияларын енгізу, соның ішінде электрондық оқыту және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру қызметінің сапасын үнемі жақсарту,;
  • – білім беру қызметін оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді үнемі жетілдіру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау;
  • – педагогикалық қызметкерлердің жоғары біліктілігін үздіксіз оқыту және оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру, әрбір қызметкердің еңбегін дербес бағалау жүйесін құру және іске асыру арқылы қамтамасыз ету;
  • – барлық қызметкерлердің қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыру және мотивациялауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру;
  • – студенттердің оқуға деген жағымды уәждемесі, олардың кәсіби, зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуына қанағаттануы үшін жағдай жасау;
  • – Колледждің эксперименталды және инновациялық қызметін дамыту, соның ішінде республикалық және аймақтық деңгейдегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу арқылы;
  • – білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыру кезінде өзара іс-қимылдың желілік нысаны негізінде экономиканың нақты секторының кәсіпорындарымен және отандық және шетелдік білім беру орындарымен өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамыту;
  • – сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) болуы мен жұмыс істеуін қоса алғанда, колледж қызметі туралы мәліметтердің ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  • – белгіленген көрсеткіштер, ішкі аудит қорытындылары және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша СМЖ қызметі мен үдерістерінің нәтижелілігін үздіксіз бақылау;

– сертификатталған СМЖ жұмыс жағдайында тұрақты қолдау, оның нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру.

Колледж басшылығы осы саясатты басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асыруға, оны персоналдың назарына жеткізуге, оны өзектендіруге және қызметтің барлық түрлері бойынша қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге жауапты.

Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji