«Зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырудағы кураторлардың рөлі» атты дөңгелек үстел ВИДЕО

2026 жылғы 12 ақпанда колледжде 1–3 курс кураторлары мен Студенттік парламент көшбасшыларының қатысуымен «Зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырудағы кураторлардың рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Айжан Мусатова-Алботтың ұйымдастыруымен, әлеуметтік педагог Зульхида Бордубаеваның қатысуымен өткен бұл мазмұнды жиын тәжірибе алмасу, еркін пікірталас және ой бөлісу алаңына айналды.

Кездесуді ашқан Айжан Бағитжанқызы тақырыптың өзектілігін айқындап, қоғамда кең таралған зиянды әдеттердің себептеріне тоқталды. Ол жастардың бойында теріс қылықтардың қалыптасуына әсер ететін факторларды атап өтіп, олардың алдын алуда кураторлардың жауапкершілігі мен рөлінің айрықша екенін ерекше атап өтті.

Практикалық бөлім командалық форматта ұйымдастырылды. Үш топ зиянды әдеттердің туындау себептерін саралап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Жастардың пікірінше, тек тыйым салу жеткіліксіз. Ең бастысы — сенімге негізделген ашық диалог, жан-жақты қолдау және ұстаздың өнегелі үлгісі.
Командалар профилактикалық-ағартушылық жұмыстарды күшейтуді, интерактивті тәсілдерді кеңінен енгізуді және тәлімгерлік жүйесін дамытуды ұсынды.

Пікірталас барысында студенттердің ішкі мотивациясы, шектеу шараларының ықпалы, куратордың жеке үлгісі мен ата-аналардың белсенді қатысуы кеңінен сөз болды.

Дөңгелек үстел қорытындысында профилактикалық жұмысты жүйелеу, заманауи әрі интерактивті әдістерді тиімді пайдалану және студенттердің өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігін қалыптастыру жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.
#адалазамат
#студенческийпарламент
#адалазаматpvl
#методобъединениекураторов
#кураторы
круглыйстол
аксускийвысшиймногопрофильныйколледжименижаяумусы

https://www.instagram.com/reel/DUqrdzujEmN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji