«Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп» тақырыбында диалог алаңы өтті (ВИДЕО)





16 сәуір күні колледжде «Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шара деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелеріне арналды.

Кездесуде қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін радикалды идеялардың, әсіресе интернет арқылы таралуы сөз болды. Қатысушыларға мұндай ағымдардың көбіне зиянсыз контент ретінде ұсынылатыны ескертілді.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Айжан Мусатова-Албот ұлттық құндылықтардың маңызын атап өтіп, олардың жастарды жат идеологиялардан қорғайтын «қорғаныс қалқаны» екенін жеткізді.

«Лайктар мен репосттар» бейнероликтері көрсетіліп, студенттер желідегі әр әрекеттің жауапкершілігі туралы пікір алмасты.

Шара соңында интернетте саналы әрі сақ болу қажеттігі атап өтілді.

Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji