Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, үздік студенттерді қолдау мақсатында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» конкурсының колледжішілік кезеңі басталды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді WorldSkills чемпионаттары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен қатысушылары, шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары, ғылыми конференциялар, олимпиадалар, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, сондай-ақ инновациялық идеялар мен стартап-жобалардың авторлары бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінім береді және келесі материалдарды ұсынады:
— Мотивациялық хат (350 сөзден артық емес)
— Бейнеролик (2 минуттан артық емес)
-Таңдалған мамандық бойынша өз жобасының тұсаукесері (7 слайдтан артық емес).
Конкурс үш кезеңде өткізіледі: ішкі, аймақтық және республикалық.
