ERG үздік студенттері

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің 10 студенті бүгін лайықты марапаттарға ие болды. Олар ERG үздік студенттері деп танылды. Байқау ERG колледж альянсы аясында өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімі «ЕЭК» АҚ-да өтті, онда балалар колледж басшысы Алма Айтуарова және оның оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Аяжан Смағұловамен бірге шықты.

Жеңімпаздарға марапаттарды «ЕЭК» АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиев табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ERG колледждерінің Альянсы өткен жылдың қараша айында құрылған болатын. Оған ERG компаниялар тобының өнеркәсіптік алпауыттарына мамандар дайындайтын елдің 14 оқу орны кірді. Альянсты біздің колледждің басшысы-Алма Ермекқызы басқарады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji