Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан), т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz) бос лауазымға КОНКУРС жариялайды.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (тамақтандыруды ұйымдастыру) жалақысы 170 000 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қоймай;
– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 17 тамызынан бастап 2023 жылдың 22 тамызына дейін
Сұхбаттасу: 2023 жылғы 28 тамызда сағат 11.00-де өтеді
Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IВT)) – 60-65 балл болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.