Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің базасында Энергетиктер күніне және «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу электр станциясының 55 жылдығына арналған «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер-электрослесарь» мамандығы бойынша кәсіби шеберлік конкурсы басталды.
Байқауға «ЕЭК» АҚ «Энергетика» дивизионының қызметкерлері мен колледж студенті Калинин Илья қатысты.
Бүгін байқаудың бірінші іріктеу кезеңі өтті, оның барысында қатысушылар жұмыс орнындағы электр техникасы мен қауіпсіздік техникасы туралы жалпы білімге теориялық дайындығын көрсетті, сондай-ақ практикалық бөлімде қозғалтқышты кері іске қосудың принципті схемасын құрады және осы схемаға сәйкес коммутацияны жүзеге асырды.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша колледждің үшінші курс студенті Илья Калинин үшінші орынды иеленіп, кәсіпорын қызметкерлерімен бәсекеге түсті.