Жаңа жыл – ең жылы, ең жайлы және отбасылық мереке.
Бірақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар бар.
Жаңа жылда мен ерекше бақытты болғым келеді!
Колледжіміздің мәдениет бөлімінің студенттері мүгедектер мен қарттарға арнаулы қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы жандарға қуанышты, жарқын мерекелік сәттер мен Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Үлкендер де балалар сияқты мерекелік қойылымға қуанып, ертегі кейіпкерлерімен бірге шоколадты саяхатқа шықты. Әдемі шырша туралы ән шырқап, Аяз ата мен Ақшақарға өлеңдерін оқыды.
🎄Жаңа 2024 жыл мол бақыт, денсаулық, нұр және үміт әкелсін!