18 сәуірде адалдық сағаты барысында Дош-123 тобының студенттері «парасатты адам» ұғымын белсенді талқылады.
Оқу тобының жетекшісі Айдана Қайыржанқызы Аманжолова студенттерге парасатты адамдарға қандай қасиеттер тән екенін түсіндіре отырып, әдептілік кішкентайдан басталатынын атап өтті.
Әдептілік қайдан пайда болады? Әдепті болу қаншалықты маңызды? Академиялық адалдық дегеніміз не? – бұл кең тараған сұрақтар студенттерде қызу талқылау тудырды. Әркімнің өз жауабы, өз пікірі бар. Кейбіреулер үшін әдептілік – бұл өз міндеттерін адал әрі толық орындау, басқалары үшін этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелері…
Адалдық сағаты барысында студенттерге «Шәкәрім өсиеті» атты ролик көрсетілді.