Ұстаздар күні

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері педагогтарына Ұстаздар күніне ерекше сыйлық жасады.


Мерекелік сценарий төртінші курс студенті Татьяна Кузьменконың дипломдық жұмысы болып табылады. Концерт бір демде өтті.

Сценарий авторының ойынша, оқиға төрт элементтің –  от, жер, ауа және су арасындағы дау-дамай бойынша  өрбиді.

Дауды колледжімізде бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруге шақырған ұстаз шешеді.
Балалар вокалдық тобының өнер көрсетуі концерттің ерекшелігіне айналды.


Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji