Стритбол

Оқу орнымыздың командасы өңірдегі колледж оқытушылары арасында 53-ші облыстық Спартакиада аясында стритболдан өткен жарыста құрметті үшінші орынға ие болды.

Жарыс Павлодарда ұйымдастырылды. Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің намысын Юлия Белокудрина, Оксана Муншау, Леонид Граф және Манарбек Омаров қорғады.

Қола жүлдегерлерімізді құттықтаймыз, жеңістер мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji