Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтіп жатқан «Тіл – халық қазынасы» атты республикалық челленджіне қатысып, өз ана тілдерінде Қазақстан халқының бірлігі мен достығы туралы айтты.
«Түрік және қазақ тілдері – менің туған тілдерім, өйткені әкем түрік, анам қазақ», – дейді Б-322 тобының студенті Шан Еврар.