Бүгін колледжімізде 2025–2026 оқу жылы түлектеріне диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл – әрбір түлектің өміріндегі ең маңызды әрі есте қаларлық сәттердің бірі.
Бүгін 184 түлек оқуын сәтті аяқтап, дипломдарын қолдарына алып, үлкен өмірге, таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби еңбек жолына нық қадам басты. Колледж қабырғасында алған сапалы білім, тәжірибе мен тәлім олардың болашақтағы жетістіктерінің берік негізі боларына сенеміз.
Бұл күн – тек қоштасу емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше белес. Студенттік шақтың қызықты сәттері, достық, ізденіс пен табанды еңбектің нәтижесі бүгінгі мерекеде өз жемісін берді.
Барша түлектерімізді осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарыңызда кәсіби биіктерді бағындырып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосатын білікті маман, абыройлы азамат болуларыңызға тілектеспіз.
Сонымен қатар, шәкірттерге білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға және әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен сенімдеріңіздің арқасында бүгінгі қуанышты күн жүзеге асты.
