1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: білім беру саласы.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Павлодар облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 ж. 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және колледж ұжымы мүшелерінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде туындаған, қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін ұсынады. - Стандарттың принциптері:
— заңдылық;
— транспаренттілік;
— әдептілік;
— құқықтардың сақталуы және мүдделердің заңдылығы;
— жанжалды жағдайларды болдырмау.
5. Білім беру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары
5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қызметкер өз қызметінде:
— заңдылық принциптерін, Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа
алуға;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, құқық бұзушылықтарды ашуға белсенді
қатысуға, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты
болуға;
— әріптестерден құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды
талап етуге және қолдауға;
— заңнамаға сәйкес келмейтін және кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге жәрдемдесуге бағытталған іс-әрекеттерді жасаудан тартынуға;
— жеке және заңды тұлғалардың өз заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын
әрекеттерге/әрекетсіздікке жол бермеуге;
— басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға
көндірмеуге;
— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес өзінің мемлекеттік немесе
оған теңестірілген функцияларын пайдаланғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың
ақшалай қаражатын, қызметтерін, сыйлықтарын қоса алғанда, сыйақы
қабылдамауға;
— мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу немесе табу мақсатында таратылуға
жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;
— шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
— қызмет бабын теріс пайдалануға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық
көріністеріне жол бермеуге;
міндетті.
5.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
— өзінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру;
— орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығына күмәнданғаны туралы тікелей
басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
— жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы
басшыға дереу хабарлауға;
— қарамағындағы лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің
көлемін нақты анықтау;
— мүдделер қақтығысына жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
— егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары
тұрған басшыға жүгіну қажет;
— лауазымды адамдар арасында, егер олар бағынышты болса, еңбек жүктемесін
заңсыз бөлуге жол бермеу;
— олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау
шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту.
5.3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде және әзірлеу
сатысында азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын
мүлтіксіз ескеру;
— әзірленген жобалар жоғары деңгейдегі НҚА қайшы келмеуі тиіс;
— сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды
пайдаланбау.
5.4. Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар
кезінде:
— сұрауларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға және дәйексіз мәліметтерді ұсыну
фактілеріне жол бермеу;
— жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық
өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс;
— дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық
фактілеріне жол бермеу;
— туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды
іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
— нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттемелерінен тыс,
сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;
— өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру;
— қызметтік әдепті сақтауға;
— өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары
туралы колледж басшылығының немесе Құқық қорғау органдарының назарына
дереу жеткізуге міндетті;
— Қазақстан Республикасының заңдарында жауаптылық көзделген теріс қылықтар
мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу.
6. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
6.1.Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтау;
6.2.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтау;
6.3.Еңбек заңнамасының, бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету,
еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету;
6.4.Колледж қызметкерлерінің сыртқы келбеті олардың қызметтік міндеттерін
орындау кезінде жағымды имиджге, оқу орнының беделін нығайтуға ықпал етуі,
іскерлік стильге сәйкес келуі керек, оның ерекшеліктері ресми, ұстамдылық және
ұқыптылық болып табылады.
