Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің кешенді жұмыс жоспары аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдеріне мониторинг және бақылау жүргізіледі, студенттердің емтихан сессиясының өткізілуіне бақылау жүргізіледі және т.б. Сондай-ақ колледжде «Саналы ұрпақ» клубы жұмыс істейді.

          Әлеуметтік желілердің беттерінде кураторлар сынып сағаттарын өткізу үшін пайдаланатын «Парасаттылық сағаты» бейне дәрістері орналастырылады. Ағымдағы оқу жылының өткен кезеңінде «Ар намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан», «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай», «Ахмет Байтұрсынов – адамзат және білім қайраткері» және т.б. сынып сағаттары өтті. Сондай-ақ, Ардақ Назаровпен, Ренат Бектұровпен, Мейіржан Әлібекұлымен және т.б. парасаттылық сағаттары өткізілді .

        «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Біз сыбайлас жемқорлықсыз елді қалаймыз» акциялары өткізілді. Қоғамды билік органдарында, құқық қорғау құрылымдарында парақорлық көріністеріне немқұрайлы қарамауға, олардың жолын кесуге жан-жақты көмек көрсетуге шақыра отырып, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері бейнероликтер мен презентациялар жасады. Барлығы 525 студент қамтылды.

          Сондай-ақ біздің колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шығармашылық конкурстарға белсенді қатысты. Шығармашылық, ойлау икемділігі үшін қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал «Ревизор» шағын-спектаклі өңірлік байқауда бірінші орынға ие болды. «Ревизор» студенттерге «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  сынып сағаттарында көрсетілді.

         2020 жылдың желтоқсан айында «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері «Таза сессия» акциясын ұйымдастырды, акцияны колледж студенттері қолдады. Акция аясында клуб мүшелері студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сессияның өткізілуін бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырды.Қамтылғаны -277 адам. Акция жалғасуда.

        Жастар арасында парасаттылық мәдениеті мен идеологиясын қалыптастыру үшін колледж басшысының парасаттылықты ілгерілету мәселелері жөніндегі кеңесшісі сайланды. «Есеп және аудит» мамандығының Б-11 тобының студенті Мурашенко Анастасия кеңесші болды. 

Орындаған: басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусатова-Албот А.Б.  тел. 8-701-115-18-78

2021 жыл қаңтар

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji