Сыйлықтар туралы жадынама

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен (бұдан әрі – тұлға) алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру туралы
ЖАДНАМА

1. Тұлғалар (білмей келіп түскен, оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлық алған (анықталған) күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады.  
Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса, уәкілетті органның немесе ЖАО-ның белгіленген нысан бойынша жасақтаған мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.
2. Хабарламада келесідей мәліметтер мазмұндалуы тиіс:
уәкілетті органның немесе ЖАО-ның атауы;
сыйлықты тапсырушы тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері;
сыйлықтың атауы, саны, қысқаша сипаттамасы;
сыйлықты сатып алуға келісу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
Бұл ретте, сыйлықты сатып алған жағдайда хабарламаға жоғары лауазымды тұлғамен сатып алуға келісу туралы белгі қойылады (Т.А.Ә., лауазымы, мөрмен куәландырылған қолы).
3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсыру кезінде, ЖАО бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны уәкілетті органға жібереді. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда атап көрсетілген мерзім ішінде олардың есепке алынуын, сақталуын және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.
4. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғадан тиісті хабарламаны алған күннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықты бағалауды жүргізеді және аталған тұлғамен сату-сатып алу шарты жасалады.
Бұл ретте, тұлғалармен ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар бойынша бағалау жүргізу және сату-сатып алу шарттарын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарламаны алған күннен бастап есептеледі.
5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

Анықтама:  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 472-бабы,  1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес сыйлықтар түріндегі мүліктерді уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji