Abylimpics

Біздің колледждің екінші курс студенті Кристина Тыщенко ерекше қажеттіліктері бар студенттер арасындағы «Abylimpics» чемпионатына қатысты.

Кәсіби шеберлік сайысы Павлодар қаласының Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында WorldSkills аймақтық чемпионаты аясында өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алатын Кристина, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша қатысты. Оның чемпионаттағы жетекшісі ретінде Асем Зайниденовна Абилшаикова болды.
Байқауға қатысушылар креативті баннерлер, логотиптер және веб-сайт дизайнын жасауда бақ сынады.

Чемпионат соңында студентіміз қатысқаны туралы сертификат және алғыс хатпен марапатталды, сонымен қатар демеуші тарапынан сыйлыққа ие болды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji