Алас күні жатақханада

Балаларға,  қазағымыздың сал-дәстүрлерінің бірі – Алас мерекесінің ерекешелігімен таныстыру, еңбекқорлыққа  баулу,  халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Алас» мерекесін атап өттік. Бұл мереке жайында мағлұмат беріп, осы күннің ерекешелігі жайында айтылды. 

Наурыз меркесінің басты мақсаты – Қазақстандық жүйедегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастыру болып табылады. Наурызды мерекелеудің шынайы мазмұнға сәйкес болуы және заманға сай қызықты, сәнді болуы терең мағынаны қарапайым рәсімдермен әшекейлеу арқылы , жұртқа тартымды мейрам бейнесінде жасау әйгілі етпек. Сондықтан көпшіліктің көңілінен қалыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндіктерді ойластыра отырып, наурыздың 14-нен 21-і күні аралығында жасауға болатындай рәсімдер мен әдет ғұрыптарды заманға сай жүйелей ұйымдастырылады. Наурыз мерекесінің тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз – Алас күні.

Белгісі алау, түсі алқызыл. Алас күні  рухани және тәндік тазару күні болып табылады. Бұл күні адамдар үй жайын тазартады, отпен аластайды. Сондай-ақ алаңдарды қардан, қоқыстан тазартады. Осыған орай жатақхана студенттері де осы дәстүрден қалыс қалмай тұрып жатқан жайларын, ас үй, дәліздерді, ауланы тазалап, жинады.

Шараны ұйымдастырған жатақхана тәрбиешісі  П.К.Нургазинова.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji