Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылық мұрасы

«Мәдениет бөлімінің арнайы пәндері» ӘБК пәндік онкүндігі аясында 2022 жылдың 16 ақпанында «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері арасында «Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылық мұрасы» атты қашықтықтан байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиеті классиктерінің ғылыми және әдеби-көркем мұрасын зерттеу бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру арқылы жастарды отандық рухани, патриоттық құндылықтарға тарту және оларды игеру. Қатысушылар презентациялар мен бейнероликтердің сүйемелдеуімен баяндамалар ұсынды.

Құрамында – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Г.А.Жумадилова, мәдениет бөлімінің меңгерушісі К.Ж.Бисембаев, «Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана» КММ басшысы Ж.К.Кенжебекова, «Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы» КММ оқу залының аға кітапханашысы К.З.Нургалиева, колледж кітапханашысы Н.Т.Амренова бар қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы пәндік онкүндіктің жабылуында жарияланады.

Арнай пәндер оқытушылары Султанова Г.М., Закирьянова А.Б.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji