2024 жылдың 17 сәуірінде гуманитарлық бөлімнің оқытушылары Еңбек ауылының мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Әңгімелесу барысында оқытушылар колледждің кәсіптері мен мамандықтары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, әр оқытушы өз кәсібімен таныстырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы, сонымен қатар материалдық қамтамасыз ету, басқа жерден келгендер үшін жатақхананың бар екенін жан-жақты айтып берді. Үлестірме материалдар буклет түрінде таратылды.
Оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойды.