Герман Кресс «WorldSkills Kazakhstan-2023» ұлттық чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Герман Кресс «Электр монтаждау» құзыреті бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII ұлттық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Леонид Владимирович Граф Германның сарапшы тәлімгері болды.
Марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Астанада өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіби шеберліктің беделді чемпионаты 23-25 қарашада елордалық ЭКСПО орталығында өткен болатын.

Worldskills Kazakhstan алаңдарына еліміздің барлық аймақтарынан чемпионаттың ең мықты қатысушылары жиналды.

Байқаудың басты ерекшелігі – 520 сарапшының қатысуы. Жастар 7 бағыт және 30 құзырет бойынша өз жұмыстарын көрсетті.

Чемпионатта Павлодар облысының атынан облысымыздан 29 колледж студенттерінен құралған команда қатысты. Жігіттер чемпионатта ұсынылған 30 өнердің 28 түрі бойынша өнер көрсетті.

Германды жоғар нәтижемен және қола медальмен құттықтаймыз! Сізге жаңа жеңістер мен жарқын болашақ тілейміз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji